Қалаулым сен бағдарламасының қатысушысын соққыға жықты

0
43

«Қалаулым сен» бағдарламасының қатысушысы Сайлаубай Жандосты бұзақылар ұрып кеткен. Эфирге байланысқа шыққан Жандостың сөзінше “Бағдарламадан соң үйіме қайтқанмын. Есік алдынан екі жігіт күтіп алып, сөзге келместен соққының астына алды. Ештеңе түсінбей қалдым”-деген еді. Бұдан соң @ayaldama.kz сайтының тілшісі қатысушымен сұхбаттасқан болатын.

эфирге жіберген суреті

Тілші: Жандос, бұзақылар ізіңе неше күн түсті?

Жандос: Үш күннің көлемінде. Үш күн уақыт аралығында байқап жүрдім. Сыртымнан екі адамның аңдып жүргендігін. Содан кейін олар үйімді біліп алған.

Тілші: Сізге осы қастандықты әдейілеп жасады деп ойлайсыз ба?

Жандос: Олар менімен тілдеспек түгелі бір-бірімен сөйлеспеді де. Мен басында пәтер жалға алушылар деп ойлағанмын. Оларға қарамай үйге кіріп бара жатқанмын. Екуі сөзге келместен мәшинеден шығып, көзімнен бір ұрды. Содан мен көзім жарқ етіп, жерге құладым. Денемнен теуіп жатқанда, көшеден бір әйел адам өтіп бара жатқан сол бақырып, шыңғырғанда машинаға мініп қашып кетті. Ол кісіге рақметімді айтамын.

Тілші: Көпшілік сені «қызтеке» деп санайды. Пікірің?

Жандос: Енді, мен барлығының артынан аңдып (мен ондай емеспін, мен еркекпін) деп жүрмеймін ғой. Иә, бұрын ғылыми экспиримент ретінде түстім. Соған байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізгенмін.

Тілші: Ғылыми жұмысыңа байланысты түсірген экспириментің халықтың сынына ұшырап жатыр.

Жандос: Иә, ол үш жыл бұрын желіге салынған видео. Енді қазіргі уақытта кейбір қатысушылардың күнделікті қозғаумен қатты талқылануда. Өйткені әлеуметтік желідегі парақшалар бірінен соң бірі көшіріп шулатып жатыр.(күлді).

Тілші: Жұмыстан шығуыңның бірден-бір себебі осы экспиримент емес пе?

Жандос: Жоқ ол емес. Өйткені бастықтарымның барлығы білетін оны. Себебі, Қазақстанда алынбаған, соған дейін жасалмаған тақырыпты алған едім. Оны біледі. Бірақ, мені қатысушылар педофилсің, көгілдірсің деді. Енді келіп көп әңгімелер айтылып жатыр. Осы сөздерге байланысты жұмыстан шығып қалдым.

Тілші: Осыған байланысты кітап та, жазып жатыр екенсің. Бағдарлама барысында дәлелдемек болып көрсеттің. Қысқаша түсіндіріп кетсең.

Жандос: Иә. Өйткені бұл бірінші кезекте генетикалық ауытқу. Себебі бізде хромосомада “Х-y” деп кетсе, оларда көп жағдай да, 12-мен 17-хромосомаларда Х-Х деп кетеді. Сол себепті генетикалық ауытқу болғандықтан, психологиялық ауытқу болады. Ал, мұсылман дінінде айтады ғой олардың ішіне жын кіру дейді. Психологтар халықаралық деңгейдегі ауру деп қарастырады. Сол аурудан алып шығып, қалыпты деңгейге жеткізуіміз керек. 

Тілші:  Сенің жасап жатқан жұмысың оңай емес. Осындай жағдайлардан кейін саған жасалатын қысым үдей түседі деп ойламайсың ба?

Жандос: Қысым көбейсе көбейетін шығар. Себебі, бұл эксперименттік жұмыстарды көптеген психологтар атқарды. Олардың ішкі жан дүниесін түсіну барысында. Бірақ, менде өте сәтті өтті. Себебі, мен транстың образында болдым. Әр бір анайы сөздер айтылған ол видео да. Транстың айтқан сөздерін көшіріп, солар секілді ұстадым өзімді. Егер мен таза психолог ретінде барсам олар маған ашылмайды. Өйткені, ол адамдар басқа қалада. Сол себепті мен чат арқылы эксперименттер жүргіздім. Сол видеоны адамдар, дұрыс түсінбей қатысушылардың сөздерінен кейін таратып жіберді.

Тілші: Жалпы бір жынысты адамдарға көзқарасың қандай?

Жандос: Мен негізі қарсымын. Психолог ретінде де, адам ретінде де. Бірақ, қарсы бола тұра оларды емдеп, адамдық көзқарасқа қалыптастырып қоғамға қосуымыз керек. Оларға қайта-қайта сен сондайсың деп айта бермей, кәдімгі өмірге адам ретінде қосу. Ондайларды азайту. Менің мақсатым осы.

Тілші: Енді осындай ситуациядан кейін мамандығыңа деген мысың басылып қалмады ма?

Жандос: Енді мен мамандығым үшін кез-келген құрбандыққа барамын. Менің мысым ешқашан басылмайды. Ол тек қана адамдардың пікірі деп білемін.

Тілші: Сен эксперимент жасап қана қоймай, ДЦП-мен ауыратын балаларды да емдедің.

Жандос: Иә, оларды да емдеймін. Сол балалар үшін арнайы курсқа барып массажды да үйреніп алдым. Өйткені, алты айлық бала мен он жеті жас аралығындағы балаларға массаж өте қажет болады. Себебі, омыртқаға арналған 162 (жүз алпыс екі) түрлі массаж бар. Осы массаж арқылы өз қолыммен емдеп аяғына тік тұрғызған балаларым бар.

Тілші: Бағдарлама барысында сені жерден алып, жерге салатын қатысушылар бар. Сені ұрып кеткен солардың бірі деп ойламайсың ба?

Жандос: Жоқ мен олардан көрмеймін. Жиырма бес қатысушының өзінің ойы, өздерінің пікірлері, өмірге деген мақсаттары бар. Иә, енді айтып жатыр ғой «сен сондайсың, сен мұндайсың»-деп. Бірақ мен олардан көре алмаймын. Өзім психолог болғаннан кейін, кімнің-кім екенін жақсы білемін. Дегенмен олардан көре алмаймын.

Тілші: Жалпы өзің сескеніп, сезіп жүрген адамың бар ма?

Жандос: Былай сезіп жүрген адамым бар. Бірақ көзім әлі толық жеткен жоқ.

Тілші: Жандос, сұхбаттасуға келіскеніңе рахмет. Алдағы уақытта тек сәттілік тілеймін.

Естеріңізге сала кетсек: Қазанның 21-күні «Қалаулым сен» бағдарламасының қатысушысы Жандос Сайлаубайды бағдарламадан кейін, белгісіз біреулер ұрып кеткен. Ол туралы бағдарлама жүргізушісі Айдай Исаева эфир барысында айтқан болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Атыңызды жазыңыз