Прага 1600 футтық үстел жайып коронавирустың жабылуын атап өтті.

0
23

Чехия астанасы Прагада тұрғындар елдегі вирустың аяқталғанын тойлады. Қала адамдары сейсенбі күні 1600 футтық үстел жайып қоғамдық кеш өткізді.

Сурет авторы: Габриэль Кучта.

Үкімет шектеулерді алып тастағаннан кейін, тұрғындар Карлов көпірінде қойылған үстелде бас қосты. Олар тәтті-дәмділерін өздері әкеліп атап өтті.

Іс-шараны ұйымдастырған Прага кафесінің  қожайыны Ондрей Кобза, Agence France-Presse агенттігіне берген сұқбатында “Біз коронавирустық дағдарыстың аяқталуын атап өткіміз келді. Адамдар өзгелермен кездесуден қорықпай дәмділермен бөлісіп, бір үстелдің басында жиналғанын қаладық”-деді.

Сурет авторы: Габриэль Кучта.

Жергілікті тұрғындар таза ауада керемет көріністі тамашалап, елдің дамуын атап өту үшін әлеуметтік қарым-қатынастан бас тарта алды.

Чех Республикасы коронавирустың жаһандық өршуінің басында бұғаттау шараларын тез енгізген болатын. Осылайша 10 миллионнан астам адам тұратын Республикада COVID-19 жұқтырғандар саны 12 000 –ға жеткен. Ал вирустан қайтыс болғандар саны 349. Бұл сандар жақын Еуропалық көршілермен салыстырғанда біршама төмен.

Сурет авторы: Габриэль Кучта.

Бірақ Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы пандемия әлі аяқталған жоқ деп ескертті. Алайда Чех Республикасы көптеген шетелдіктерге өз шекарасын кесіп өтуге уақытша тыйым салды.

Сейсенбі күні Еуропалық Одақ ресми түрде бірнеше айдан кейін блоктан тыс саяхатшыларға ЕО елдеріне баруға мүмкіндік беретін бірқатар ұсыныстарды келісті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Атыңызды жазыңыз