Сүрия — Түркия шекарасында жарылыс болды

0
35

Сүрияның Түркиямен арадағы шекарасында жарылыс болды. «Анадолы» агенттігінің мәліметінше, оқиға Жараблус провинциясына қарасты Чобанбей елді мекеніндегі аурухана маңында болған. Салдарынан 12 адам қаза тауып, 28 адам жарақат алды. Жарылғыш құрылғы автокөлікке жасырылған. Қазіргі уақытта екі ел шекарасындағы жағдай ушығып тұр. 6 қыркүйекте түрік президенті Режеп Тайып Ердоған Сүрияның солтүстігінде қауіпсіздік аймағын қалыптастыру үшін Түркияға халықаралық қолдау көрсетілмесе, миллиондаған босқындар үшін Еуропаға шекара айқара ашылатынын ескерткен болатын. Сонымен қатар, ресми Анкара Еуропа елдерінен логистикалық көмек сұраған. Осыған байланысты, босқындар мен бейбіт тұрғындардың Сүриядағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қолдау көрсететін бірден-бір мемлекет АҚШ болғандықтан, Түркия аталған мәселені америкалық әскерлермен бірлесе шешуге бел буған. | Материалды көшіріп бассаңыз https://qazaqtimes.com/article/69369 сайтының гиперсілтемесін міндетті түрде қойыңыз. Авторлық құқықты сақтаңыз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Атыңызды жазыңыз