Ким Жоң Ун Трампты Солтүстік Кореяға шақырды

0
35

Ким Жоң Ун Дональд Трампты Солтүстік Кореяға шақырды. Оңтүстік Корея БАҚ өкілдерінің мәліметінше, КХДР басшысы Ким Жоң Ун АҚШ президенті Дональд Трампқа хат жолдаған. Онда ол Ақ үй басшысын Солтүстік Кореяға ресми іссапармен келуге ұсыныс жасап, кездесуге дайын екендігін жеткізген. Тамыз айының 10-ы күні Дональд Трамп Ким Жоң Уннан хат алғандығын мәлімдеген. Оның сөзінше, хатта КХДР басшысы Ақ үй әкімшілігіне жылы шырай танытқан. Ким Жоң Ун мен Дональд Трамп бұған дейін үш рет кездескен. Кездесу барысында олар Солтүстік Кореяны қарусыздандыру мәселесін талқылаған. Бірақ келіссөздерге қарамастан, КХДР осы уақытқа дейін бірнеше рет зымыран сынаған өткізген. | Материалды көшіріп бассаңыз https://qazaqtimes.com/article/69366 сайтының гиперсілтемесін міндетті түрде қойыңыз. Авторлық құқықты сақтаңыз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Атыңызды жазыңыз